© МО ТЖД
Ақтау іргесінде өндіріс аумағындағы зауыт мұнарасынан будақтаған қалың қара түтін қала аумағына тарай бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған оқиға туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, зауыт аумағында белгісіз нәрселерді жануы анық байқалды. Осыған қатысты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдіріп, өрт шарпыған аумақ 100 шаршы метрге жеткенін мәлімдеді.
«16 ақпанда сағат 11-55-те Ақтау қаласындағы 5-ші өңдірістік аймақта Индустриаландыру Маңғыстау паркі аумағында жарамсыз тұрған 63 метрлік (ені 5 метр) мұнараның ішінде мұнай химиялық қалдықтары жанып кетті. Өрт ауданы шамамен 60 ш/м құрап, жалпы ауданы 100 ш/м жетті. Қазіргі уақытта ТЖД 30 қызметкері 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.