Маңғыстау облысы бойынша 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні Маңғыстау облысында өткізілетін шаралардың тізімі:
Н.Жантөрин театрының кіші залында көрермен балалар арасында ұлттық салт-дәстүр туралы сұрақ жауап байқауы мен Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» ертегісі сахналанады.
Қуыршақ театрында өнерпаздар «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді. Ақтау қалалық орталық кітапханасында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» атты шара өтеді.
Жаңаөзен қаласы Орталық қалалық кітапханасында «Наурызым-тойлы, нұрлы күн» көрме-инсталяциясы ұйымдастырылады.
Баянды ауылының әкімдігінде «Салт-дәстүрім берекем» тақырыбында жүрмелі кітап көрмесі көрсетіледі.
Маңғыстау аудандық кітапханасында «Ұлттық дәстүрім - қазынам» атты ақпараттық сағат болады.
Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылдық кітапханасында «Наурыз тойы – дәстүрлі мереке» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтеді.
Мемориалдық музей ғимаратында «Жылан қайыс» дәстүрі көрсетіледі.
Мұрын жырау музейінде ұмыт қалған салт-дәстүрден көріністер болады.
Өмірзақ елді-мекенінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған шара өтеді.
Айта кетейік, іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады.