Бүгін Маңғыстау облысында республикалық жалпыұлттық қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара барысында 62 адам мен 3 орталыққа көмек көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
Оның ішінде осал әлеуметтік топтардың азаматтары, отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы, қарттар үйі мен сәбилер үйі бар. Акция Наурыз мерекесі аясында Маңғыстау облысы әкімдігінің, мәслихатының және өңірлік департаменттер қызметкерлерінің белсенді қатысуымен өткізілді.
Сонымен қатар, М.Өскінбаев атындағы өңірлік филармония әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Оқушылар қарттар үйіне барып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдары мен мұқтаж жандарға көмектесуге деген ерік-жігерінің арқасында арнайы көмек көрсетті.