5 сәуір көші-қон полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Көші-қон қызметінің 30 жылдығына және қызметтік міндеттерін жауапты атқаруына байланысты көші-қон саласындағы ІІО-ның кейбір қызметкерлері мен зейнеткерлері марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция департаменті ғимаратында өткізілген іс-шараға ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Сәбитұлы қатысып, кәсіби мерекемен құттықтап, марапат табыстады. ІІО зейнеткерлері алғыс хаттармен, бес қызметкер қол сағаты түріндегі бағалы сыйлықпен марапатталды.