Ақтауда демалыс күндері болған көктайғақтан 30 адам зардап шегіп, облыстық көпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің қызметіне жүгінді. Оның ішінде 3 адам травматология бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Зардап шеккендер - 1958, 1991, 1990 жылғы тұрғындар. Үш науқастың екеуі - әйел, біреуі - ер адам.
- Екі науқастың бұғанасы, бір науқастың аяғы, яғни, тобық, балтыр сүйектері сынған. Травматолог-дәрігерлер шұғыл ота жасады. Қазір жағдайы - тұрақты. Жалпы қабылдау бөліміне келген тұрғындардың басым бөлігі - әйелдер, - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі.