Маңғыстау облысында 3 141 адам қызылша ауруымен тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 жасқа дейін 576 науқас қызылша жұқтырған. Ал 1 жастан 14 жасқа дейін -1 879, 15-18 жас аралығында - 114, 19 жас және одан жоғары 572 жағдай тіркелген.
- Маңғыстау облысы бойынша қосымша жаппай иммундау 72 600 адамға жоспарланған. 13 қарашадан бастап осы күнге дейін 48 947 адам қосымша жаппай иммундау бойынша екпе алды. Нақтыласақ, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі бала саны - 5 260, 2-4 жастағы бала – 37 904, медицина қызметкерлері – 1 244, 1 жас пен 18 жас аралығы – 4 539 адам, - деді Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы республика бойынша 34 187 адам қызылша жұқтырған.
Мамандар аурудың алдын алу үшін вакцина қажет екенін айтады.
- Облыстағы қызылша ауруы бойынша эпидахуалға байланысты балаларыңыздың екпесін түрлі себептермен өткізіп алған болсаңыз, дереу жергілікті емханаға жүгініңіз. Балаңызға қызылшаға қарсы екпе алу қажеттігін ескертеміз! Екпе алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады, аурудың таралуына жол берілмейді, - деді мамандар.