МАЭК жұмысшылары басшылыққа наразылық білдіріп, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бір топ жұмысшы басшыларының әлеуметтік жағдайды жақсартпағанына шағым айтады.
Разряд мәселесін шешу, қорғаныш құралдарымен қамтуды, ұжымдық келісімшартты толықтыруды, түскі аспен қамтуды, жалақы есебінен кәсіподаққа 3 пайыз қаражатты аударуды, жалақыны 50 АЕК көтеруді, 13-айлық беруді талап етеміз. Басшылар жыл сайын ауысатындықтан әлеуметтік жағдаймыз назардан тыс қалып жатыр. Бізге энергетик маманның басшы болуын талап етеміз!, - дейді бейнеүндеуде жұмысшылардың бірі.
МАЭК баспасөз қызметі жұмысшылардың талабы ескерілгенін хабарлады.
Басшылық комбинат қызметкерлерінің талабын назарға алды. Алайда талқыланып жатқан мәселелер бар. Екі тарап арасында сындарлы келіссөз жүріп жатыр, - делінген МАЭК хабарламасында.