Ақшұқыр ауылының 4-сынып оқитын тұрғыны қобдишаға жинаған ақшасын Құлсары қаласына гуманитарлық көмекке қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маршал Әбдіхалықов гимназиясының оқушысы Нұрасыл Игілікұлы гуманитарлық көмек жөніндегі жарнаманы әлеуметтік желіден көрген. Қаршадай бала көрші өңірдегі жағдайды ести сала көмекке асығыпты. Өзі тиын жинап жүрген қобдишаны ашып, ауылдың белсенді азаматтарына табыстаған. Балақайдың бұл ісіне сүйсінген азаматтар видеоға түсіріп алыпты.
- Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізсеңіздер, - дейді Нұрасыл Игілікұлы.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары Нұрасылға ақ тілегін жаудырып жатыр.