Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс бойынша 90-ға жуық іс-шара өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда мерекеге орай М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында балаларға арналған балалар камералық ансамблмен бірге жас өнерпаздардың концерті, Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында «Бремен музыканттары» атты ертегі қойылымын ұсынады. Кіру тегін.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Бақытты елдің балаларымыз» әдеби сазды кеш өтеді. Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында, қазақ және орыс тілдерінде интермедия және теремок қойылымын қою жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қала, аудандардың Мәдениет үйлерінде мерекеге орай 46 іс-шара, Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана филиалдарында 30 іс-шара, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайына қарасты филиалдарында 4 іс- шара ұйымдастыру жоспарланған.
Толық ақпаратты мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан көруге болады: https://www.instagram.com/p/C7Yvon4s0HA/?igsh=MTZ4Y2t0d2JvcDNnaA==.