Маңғыстау облысы Достық үйінің қызметкерлері 18 наурыз - ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдерді дәріптеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қызметкерлер қазақилықты пен ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтын, ұлттық киімдердің ерекшелігін көрсетті. Әрбір киімнің ою өрнегі мен әшекейінде халқымыздың ерте замандағы тарихы, күн көрісі, қадір қасиеті бейнелегенген. Сол себепті, өңірімізде дәстүрге сай ұлттық киімдерді ұлықтаудың маңызы орасан зор.
-14 наурыздан бастап Наурызнама онкүндігі басталды. Оның ішінде бүгін біз «Ұлттық киім» күнін тойлап жатырмыз. Бұл күні біз салт-дәстүріміз бен ұлттық киімдерімізді насихаттауымыз керек. Себебі, әрбір ұлттық негізгі құндылығы өзінің тілі, дәстүрі және ұлттық киімдері. Қазақстан Халқы Ассамблеясында 2 жылдан бері этно күндерін өткіземіз. Әр сәрсенбі күні осы керемет күнді атап өтеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз! Онкүндіктің ішінде керемет шараларды ұйымдастырып жатырмыз, - деді Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова.
Енді мекеме қызметкерлері бүгіннен бастап ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киіп жүруді жоспарлап отыр.