Маңғыстауда журналистер мен инфлюенсерлер Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі базасымен, оңалту орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Инфлюенсерлердің қатарында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры директоры Зәуреш Колумбаева, журналист, «Маңғыстау» газетінің бас редакторы Лаура Тындырғанова, білім беру саласының ардагері Рысгүл Игілікова, журналист Голрох Жеменей бар.
Жұмыс тобы экономиканың негізгі салалары үшін іріктелген алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды дайындауды бастау және олардың тәжірибесін өзге де оқу орындарына тарату бойынша республикалық деңгейде үздіктердің қатарына енген Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің жұмысымен танысты. О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша жабдықталған зертханаларды, аймақтық WorldSkills чемпионатының жаттығу алаңдарының мүмкіндіктерін көрді.
Сондай-ақ Ақтау қаласындағы оңалту орталығында тірек қимыл-қозғалысы аппараты бұзылған балаларға арналған тренажер, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған логопедиялық кешенді бағдарламамен жұмыс және терапия түрлерімен танысты.
Ақпараттық турға қатысушы инфлюенсер мамандар балаларға білім беруде озық тәжірибелерді ұстанып жүрген педагог қауымының еңбегі зор екенін атап өтті. Ақпараттық тур аясында Рысгүл Игілікова білім беру ұйымдарының мамандарымен Маңғыстаудағы білім сапасы туралы пік ір алмасты.