Ақтауда халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай отбасылық эстафета өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Отбасым — менің тірегім» спорттық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Отбасылық эстафетаға қатысушылар арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес бойынша өзара бақ сынасты. Спорттық шараға 100-ден аса адам қатысты.
«Біз осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да қоғамға пайдалы іс-шараларды ұйымдастырып тұрсақ деп жоспарлап отырмыз. Нашақорлықтың көбеюіне қарсы әртүрлі қоғамдық жұмыстарды атқаруға атсалысуға әзірміз», - дейді «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының ұйымдастырушылары.
Эстафета қорытындысы бойынша -50 кг салмағы бойынша қыздар арасындағы сайыста бірінші орынды Нұрана Мурумбаева, екінші орынды Раушан Тукенеева, үшінші орынды Сұлу Мерет иеленді.
Ал 50 кг-нан жоғары салмақ бойынша қатысушы қыздар арасында Рая Мукашева бірінші орын, Бағдат Сауырбай екінші орын, Айым Жеңісбаева үшінші орын алды.
Сайыста -70 кг салмағы бойынша қатысқан ұлдардан бірінші орынды Берік Өтепбергенов, екінші орынды Мадияр Амангелді, үшінші орынды Дәулет Дағыстан жеңіп алды.