Биыл Маңғыстау облысының АХАТ бөлімдерінен 11 292 туу туралы куәлік берілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2023 жылдың 6 айында 10 452 туу туралы акт тіркелгенін айтты.
«Естеріңізге сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтінішті оның ата-анасы туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруі керек. Егер ата-ана қандай да бір себептермен баланы тіркей алмаса, оны қамқоршылар немесе медициналық ұйымның әкімшілігі тіркеуі қажет. Өтініш беру үшін жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ ата-анасы некеде болса, неке туралы куәліктің көшірмесі қажет. Егер тіркеуге қызмет алушының өкілі жүгінсе, нотариалды куәландырылған сенімхат сұралады. Өтінішті республика аумағындағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында өзі барып беруге болады немесе 1414 нөмірінен SMS хабарламаларға жауап беру арқылы проактивті түрде толтыруға болады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетелік, баланы мемлекеттік тіркеу рәсімі екі жұмыс күнінен аспайды.