© Архив
Ақтауда 10 тамыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді. Жалпы қала аумағында өткізілетін шара сағат 8:00-де басталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық жұмыстары 15-шағын аудан «Самал» теңіз жағалауынан бастап 9А шағын аудан «I love Aktau» композициясына дейін, 4А шағын аудан «Ақбота» саябағы, 4-шағын аудан Захаров, 12-шағын аудан геологтар аллеясы, 7-шағын аудан Жеңіс алаңында жүргізіледі.
Шараға барлық қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі барлық қала тұрғындары мен қонақтарын сенбілікке қатысуға шақырады. Тазалық жұмыстарына қатысатындарға бөлім тарапынан қажетті заттар беріледі.