«МАЭК» ЖШС 7 тамыз 16:00 сағаттан бастап 11 тамыз 08:00 сағатқа дейін қаланың төменгі және жоғарғы аймағына ауыз судың қысымы төмендетілетін хабарлады, - деп жазады mangystaumedia.kz.
«МАЭК» ЖШС ауыз су қысымының төмендеуі тұтыну көлемінің едәуір өсуіне байланысты ауыз су өндіру мен қалаға берілетін су көлемі арасында теңгерімсіздік туындауы себепті болып отырғанын айтты.
Қалаға ауыз су берудің гидравликалық режимі:
Жоғарғы аймақ:
07.00-ден 10.00-ге дейін - 7 кг/см2
10.00-ден 18.00-ге дейін - 5.5 кг/см2
18.00-ден 22.00-ге дейін - 7 кг/см2
22.00-ден 24.00-ге дейін - 5,5 кг/см2
24.00-ден 07.00-ге дейін - 5.0 кг/см2
Төменгі аймақ:
07.00-ден 10.00-ге дейін - 5 кг/см2
10.00-ден 18.00-ге дейін - 3,5 кг/см2
18.00-ден 22.00-ге дейін - 5 кг/см2
22.00-ден 24.00-ге дейін - 3,5 кг/см2
24.00-ден 07.00-ге дейін - 3 кг/см2