Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша консультативтік семинар өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жақсыгүл Маханбетова хабарлағандай, бұл шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға жауапты мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.
«Өздеріңіз білесіздер, Маңғыстау тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Тиісті заңнамалар күшейтілгенімен, мұндай қылмыстардың саны азаймай отыр. Бүгін семинарда Түркістан облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметін біздің облыста да қолдану үшін зерттедік», – дейді Жақсыгүл Маханбетова.