22-26 сәуір аралығында облыста «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, шетелдіктер тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының алдын алуға бағытталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ҚР-ның заңнамасын бұзған 583 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартып, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 22 жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Ал 48 шетелдік елден шығарылды.