Биыл Маңғыстау облысында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараларды өткізу тәртібі өзгереді. Яғни, кей өңірлерде болған су тасқыны жағдайын ескере отырып, барлық мерекелік іс-шара қарапайым форматта өткізіледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әбдіқадыров айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, бүгін «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» қарсаңында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмасын талқылау мақсатында Маңғыстау облысының әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
Облыстың барлық білім беру мекемесінде мерекелік тақырыптық шаралар ұйымдастырылады (ашық сабақтар, кездесулер т.б.).
Өңірлік деңгейде арнайы тақырыптық телебағдарламалар, сюжеттік және мерекелік көрсетілімдер өтеді. Сонымен қатар «Қайырымдық керуенін жоспарланып отыр.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде сенбілік, саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үй аумағын және т.б. тазалау мен көгалдандыру іс-шаралары жалғасады.
Брифинг барысында Бауыржан Әбдіқадыров облыс тұрғындарын іс-шараға белсенді атсалысуға шақырды.