Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында полицейлер Ақтау қаласының 16 шағынауданындағы көпқабатты үйдің төбесінде тұрған қызды көрген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полицейлер 8 жасар қыздың ата-анасын анықтады.
"Заңды өкілдерге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, мұндай жағдайдың алдын алу үшін баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді",-деді ПД баспасөз қызметі.