© Inbusiness.kz
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық дерегі бойынша, Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында. Ал өңірлер бойынша қарастырсақ: Маңғыстау облысы – 59, Астана – 361, Алматы – 191, Ақтөбе облысы – 143, Қостанай облысы – 140, Жамбыл облысы – 140, Павлодар облысы – 108, Алматы облысы – 102.
Сондай-ақ 2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі Маңғыстауда тіркелген – 46 жағдай.
Роза Әділханқызы