Ақтау тұрғындары бірқатар шағынаудандағы үйлерде жылу мен ыстық су әлі жоқ деп жазып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда 2/61, 4/58 және 38, 5/2, 5/4, 5/22, 9/18 және 25, 12/24, 13/36, 42A, 44, 14/5,7,8, 15/46, 53, 16/49, 50, 67, 68, 69, 43,44, 17/1, 23, 43, 46, 27/19, 74, 28/20, 32, 40, Шығыс-2, 31Б/25, 32а/11, 32A/21, 33/21 және 7 шағынаудан үйлері жылусыз отыр.
Жалпы 1 202 тұрғын үйге жылу қосылған. Ал қалған 15 тұрғын үйді жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Қаланың барлық желісі толығымен қалыпты жұмыс режиміне оралғаннан кейін «Айрақты» тұрғын үй кешенінің 10 үйі Орталық жылу пункті қосылады. Содан кейін 6 шағынаудандағы 26 үйде тұрғын үйді пайдалану кеңсесі ауыстырылып жатыр. «Шығыс-2» тұрғын алабындағы 359, 361, 379, 380 үйлерде магистральдық құбыр жарылған, - деп түсіндірді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы.
«Каспий жылу, су арнасы» МКҚК қалған үйлер бойынша қызмет көрсететін ұйымға, яғни тұрғын үйді пайдалану кеңсесіне, ПИК, МИБ-не хабарласуды ұсынады.