Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірін жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бала құқығы бұзылған жағдайда Маңғыстау облысы бойынша Тілектес Болатбаеваға хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - +7 (701-46) 3-33-09 amankos_tlektes
- Өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағымдарды қарауға жауапты. Көмек сұрау үшін әр аймақтың телефон нөмірлерін пайдалана аласыз немесе Instagram желісінде direct-ке жазсаңыз болады– делінген хабарламада.