Өткен жылдың жаз айларында облыс тұрғындарын ауыз сумен жабдықтау тәулігіне орташа есеппен 150 000 текше метрді құраса, биыл бұл көрсеткіш орташа есеппен 200 000 текше метрге дейін өсті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, беріліп отырған су көлемі 170 000 текше метрді құрады. Облыс бойынша су тапшылығы шамамен 30 000 текше метрді құрайды. Іске қосылып жатырған су тұшыту зауыттары мен су қондырғылары негізінде тамыз айына ауыз су тапшылығын 22 000 текше метрге азайтады.
- Ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде қуаттылығы тәулігіне 140 500 м3 болатын 9 су тұшыту зауыты мен қондырғылар құрылысы жүргізілуде және 1 магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жеке инвестор «Алека» ЖШС арқылы Сайын Шапағатов ауылы тәулігіне 4000 м3 ауыз сумен қамтылып отыр. Ақтау қаласында 7 000 м3 су тұшыту зауытының құрылысын салу жобасы жүргізілуде. Ақтау су тұшыту зауытының өз қаражаты есебінен жүргізіліп, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта кешеннің белгіленген қуаты тәулігіне 6500-7000 текше метрді құрайды. Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 40 000 м3 дейін ұлғайту бойынша кеңейту жобасының ҚМЖ аяқталды. Тамыз айының соңында іске қосу жоспарланды. Ақтау қаласында ауыз судың тапшылығын азайту мақсатында «МАЭК» ЖШС-нің ОСЖТ-2 аумағында өнімділігі тәулігіне 6000 м3 кері осмосты тұщыландыру қондырғысының монтаж жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда қондырғы іске қосылды,- деді Серікқали Қанапин.
Спикер Баянды ауылында су тұшыту қондырғысын орнату құрылысы жөнінде айтты. Қазіргі таңда бұл қондырғының қуатын тәулігіне 3000 м3 дейін арттырып, Баянды ауылымен қоса іргелес Бесшоқы тұрғын массиві және Дәулет ауылдарын үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ Форт-Шевченко қаласының халқын және жақын маңдағы елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өнімділігі тәулігіне 5000 м3 құрайтын су тұшыту зауытының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталды. Жобаны аяқтау 2024 жылдың қазан айына жоспарланды. Қаражанбас кен орнындағы су тұшыту зауыты биыл 15 мамырдан бастап жобалық қуатына шығуына байланысты, артылған 15 000 м3 су көлемі Жанаөзен қаласына және Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарының елді-мекендеріне 1 шілдеден бастап беріліп жатыр. «МАЭК» ЖШС-де жылу алмастырғыш жабдықты ауыстыру дистилляциялық тұщыландыру қондырғысын жаңғырту. Қондырғының ауыстыру жұмыстары тиісті қаражат бөлінген жағдайда басталып, жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2025 жылдың 1 жарты жылдығы деп жоспарланған. «МАЭК» ЖШС аумағында кері осмос қондырғыларын қолдану арқылы су өндіру қондырғыларын салу. Ақтау қаласының халқын және оған іргелес елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «МАЭК» ЖШС-нің аумағында өнімділігі тәулігіне 24 000 м3 құрайтын су тұшыту зауытының жобасы жасақталуда. Қазір жоба әзірленуде, қорытындысын 2024 жылдың қыркүйек айында алу жоспарланды. Жобаны толық іске асыру мерзімі - 2025 жыл. «Кендірлі» курорттық аймағында су тұшыту зауытының құрылысы жүргізіледі. Жаңаөзен қаласы мен жақын маңдағы Рахат және Теңге елді мекендерінің халқын сапалы және үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Кендірлі курорттық аумағында өнімділігі тәулігіне 50 000 м3 құрайтын су тұшыту зауытының құрылысы жүргізілуде.
Жоба бойынша ҚМЖ аяқталу мерзімі-2024 жылғы желтоқсан, 2025 жылдың 30 мамырына дейін зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланған.
Одан бөлек, Серікқали Қанапин жылу желілері туралы хабарлады.
- Бұл бағытта 2023 жылы «Ақтау қаласының төменгі аймағындағы жылу желілерін қайта құрылымдау» жобасы басталды. Бүгінгі күнге орталық жылу бекетінің іргетасы қаланды, есеп торабының ғимараты салынды және 2-Орталық сумен жабдықтау торабынан орталық жылу бекетіне дейін 4,3 шақырым су құбыры жүргізілді. Сонымен бірге Ақтау қаласының «Магистралдық жылу желілерін қайта жаңғырту» жобасының жұмыстары жүргізілуде,- деді Серікқали Қанапин.
Маңғыстауда ауызсумен қамту тәулігіне орташа есеппен 200 000 текше метрге дейін өседі
2023 жылдың жазғы маусымы бойынша облыс тұрғындарын ауыз сумен жабдықтау тәулігіне орташа есеппен 150 000 текше метрді құраған болса, биыл бұл көрсеткіш орташа есеппен 200 000 текше метрге дейін өсті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин хабарлады.
Спикердің айтуынша, беріліп отырған су көлемі 170 000 текше метрді құрады. Облыс бойынша су тапшылығы шамамен 30 000 текше метрді құрады. Іске қосылып жатырған су тұщыту зауыттары мен су қондырғылары негізінде тамыз айына ауыз су тапшылығын 22 000 текше метрге азайтады.
- Ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде қуаттылығы тәулігіне 140 500 м3 болатын 9 су тұщыту зауыты мен қондырғылар құрылысы жүргізілуде және 1 магистралдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жеке инвестор «Алека» ЖШС арқылы Сайын Шапағатов ауылында тәулігіне 4000 м3 ауыз сумен қамтылып отыр. Ақтау қаласында 7 000 м3 су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасы жүргізілуде. Ақтау су тұщыту зауытының өз қаражаты есебінен жүргізіліп, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта кешеннің белгіленген қуаты тәулігіне 6500-7000 текше метрді құрайды. Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 40 000 м3 дейін ұлғайту бойынша кеңейту жобасының ҚМЖ аяқталды. Тамыз айының соңында іске қосу жоспарланды. Ақтау қаласында ауыз судың тапшылығын азайту мақсатында «МАЭК» ЖШС-нің ОСЖТ-2 аумағында өнімділігі тәулігіне 6000 м3 кері осмосты тұщыландыру қондырғысының монтаж жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда қондырғы іске қосылды,- деді Серікқали Қанапин.
Спикер Баянды ауылында су тұщыту қондырғысын орнату құрылысы жөнінде айтты. Қазіргі таңда бұл қондырғының қуатын тәулігіне 3000 м3 дейін арттырып, Баянды ауылымен қоса іргелес Бесшоқы тұрғын массиві және Дәулет ауылдарын үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ Форт – Шевченко қаласының халқын және жақын маңдағы елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өнімділігі тәулігіне 5000 м3 құрайтын су тұщыту зауытының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталды. Жобаны аяқтау 2024 жылдың қазан айына жоспарлануда. Қаражанбас кен орнындағы су тұщыту зауыты ағымдағы жылдың 15 мамырдан бастап жобалық қуатына шығуына байланысты, артылған 15 000 м3 су көлемі Жанаөзен қаласына және Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарының елді-мекендеріне 1 шілдеден бастап берілуде. «МАЭК» ЖШС-де жылу алмастырғыш жабдықты ауыстыру дистилляциялық тұщыландыру қондырғысын жаңғырту. Қондырғының ауыстыру жұмыстары тиісті қаражат бөлінген жағдайда басталып, жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2025 жылдың 1 жарты жылдығы деп жоспарлануда. «МАЭК» ЖШС аумағында кері осмос қондырғыларын қолдану арқылы су өндіру қондырғыларын салу. Ақтау қаласының халқын және оған іргелес елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «МАЭК» ЖШС-нің аумағында өнімділігі тәулігіне 24 000 м3 құрайтын су тұщыту зауытының жобасы жасақталуда. Қазіргі таңда жоба әзірленуде, қорытындысын 2024 жылдың қыркүйек айында алу жоспарланды. Жобаны толық іске асыру мерзімі 2025 жыл. «Кендірлі» курорттық аймағында су тұщыту зауытының құрылысы жүргізіледі. Жаңаөзен қаласы мен жақын маңдағы Рахат және Теңге елді мекендерінің халқын сапалы және үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Кендірлі курорттық аумағында өнімділігі тәулігіне 50 000 м3 құрайтын су тұщыту зауытының құрылысы жүргізілуде.
Жоба бойынша ҚМЖ аяқталу мерзімі-2024 жылғы желтоқсан, 2025 жылдың 30 мамырына дейін зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланған.