Облыста өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс жасаған 48 шетелдікті анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме беріп.
Құқық бұзушылар әкімшілік кодекстің 517-бабы 5-бөлігімен жауапкершілікпен тартылды.
Сонымен қатар, олардың заңсыз жұмыс жасауына жол берген жұмыс беруші азаматтарға осы кодекстің 519-бабына сәйкес айыппұл салынған.
Бұдан бөлек, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы дерегінің 32-і жағдайы тіркелді.