Айыппұлдың жалпы сомасы 1 794 000 теңгені құрады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Өңірде 4 000-нан астам адам қоқысты белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Жыл басынан бері "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің "абаттандыру ережелерін бұзу" 505-бабы бойынша 4 392 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26 адамға айыппұл салынды,-деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 505-бапқа сәйкес айыппұл сомасы – 20 АЕК (69 000 теңге). 2023 жылы 1 АЕК – 3 450 теңгеге тең.