Маңғыстауда жергілікті атқарушы органдар, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, саяси партия төрағаларынан құралған комиссия азық-түлік тауарлары бағасының өсу себептері мен кәсіпкерлер алдында тұрған проблемаларды анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының хабарлауынша, комиссия баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексерген. Сондай-ақ, сауда үстемесінің 15% мөлшерінен асып кету, артық делдалдарды белгілеу және әртүрлі бағалардың белгілері не баламалы келісімдерге әртүрлі шарттар фактісі тұрғысынан талдаған. Комиссия 42 отырыс өткізіп, барлығы 90 кәсіпкерлік субъектілердің ісі қаралған.
«Нәтижесінде, отырыста 46 кәсіпкерлік субъектілерде заң бұзушылықтары дәлелденіп келесідей шаралар қабылданды:
-35 кәсіпкерлік субъектіге ӘМАТ тауарларына - 15% жоғары үстеме ақы қосқаны үшін хаттамалар толтырылды. (ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204, 4 тармағы бойынша).
- Сауда орындағы тауарлар бағаларының екі түрлі болып сатылғандығы үшін 11 кәсіпкерлік субъектіге айыппұл толтырылды.(ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193, 4 тармағы бойынша). Сонымен қатар, қазіргі таңда, Маңғыстау облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде 10 кәсіпкерлік субъектілердің ісі қаралуда», - деп жазылған хабарламада.
Облыс тұрғындарынан сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қымбат, баға көрсеткіші көрсетілмеген (ценник) немесе сөредегі баға кассадағы бағамен сәйкес келмеген жағдайда бей-жай қалмай дәлелді құжаттармен (фото, видео дәлелдермен, алынған тауардың түбіртегін қоса) қала,аудан әкімдіктеріне арыздануға немесе Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарлауына болады. Мекенжай: Ақтау қаласы 9 ш/а, 23 ғимараты.
Айта кетейік, негізсіз баға өсіру фактілері анықталған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес шара қабылданады.