© Gov.kz
Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кешенді жұмыстарға еуропалық Jan De Nul компаниясының арнайы техникасы жұмылдырылып отыр. Қазіргі уақытта компаниямен ЕРС келісімшартқа қол қойылған. Порт түбін тереңдету жұмыстары терминалдың өткізу қабілетін одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.
Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрайды (теміржол терминалы – 4 млн, автотерминал – 2 млн). Сондай-ақ, портта 250 жүк көлігін сақтау мүмкіндігі қарастырылған. Дәл осындай жұмыстар Ақтау портында да жүргізіледі.
Порт түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту аясында қабылданған кешенді шараның бірі болып отыр.
ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 7 айда 62 пайызға ұлғайып, 2,5 млн тоннаны құрады. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,6 млн тоннаға тең болған.