
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Құтты шаңырақ» облыстық байқауы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқау мақсаты - өңірімізде ұзақ жыл отасқан, ұл-қыз тәрбиелеп өсірген (бала саны маңызды емес), немере-шөбере сүйген жанұяларды насихаттау арқылы жастар арасындағы ажырасудың алдын алу, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайту.
«Алтын шаңырақ» номинациясы 50 және одан да ұзақ жыл отасқан, «Күміс кереге» номинациясы 25 және одан да ұзақ жыл отасқан отбасына беріледі. Талап - балалары әр түрлі салада халыққа қызмет етіп жүрген, жұмысына адал, жетістікке жеткен, елімізге сыйлы азаматтар, ұлттық құндылықтарды басты қағидат етіп ұстанатын отбасылар болуы керек.
Құтты шаңырақ байқауы ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық кезеңдерінде ережеге сәйкес 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өткізіледі.
13 қыркүйек күні байқау жеңімпазы болып танылған отбасыларға «Алтын шаңырақ» пен «Күміс кереге» номинациясы салтанатты түрде табысталады.
Сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болады:
Облыстық
Ақтау қаласы
Жаңаөзен қаласы
Мұнайлы ауданы
Маңғыстау ауданы
Түпқараған ауданы
Қарақия ауданы
Бейнеу ауданы