Маңғыстауда алты күндік «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында автобус жүргізушілерінің 830-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала аумағында автобустардың техникалық жай-күйін тексеру, автобустардың автопарктерден, автовокзалдардан шығуы кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерістен өтуі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілген.
Нәтижесінде, заңсыз автовокзалдар, автотасымалдаушылар, сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдайтын таксилер анықталған.
«Іс-шара қорытындысы бойынша 16 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды. Коммуналдық тұраққа 60 көлік қойылды, автобус парктерінің 18 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды, 1000-ға жуық қоғамдық автобус тексерілді», - деп жазылған хабарламада.