Маңғыстау облысында, атап айтқанда Ақтау қаласы мен аудандардағы жол қозғалысы тәртібін күшейтіп, ЖКО алдын алу мақсатында жолдан өткелі тұрған балалардың, сондай-ақ патрульдік автомобильдердің муляждары орнатылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтау қаласының патрульдік полицейлерінің бастамасымен жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қала аумағында барлығы 25 балалар макеті орнатылмақ.
— Бұл, ең алдымен, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қабылданатын шаралардың бірі. Жаяу жүргіншілерден жолды кесіп өту кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - деп атап өтті қалалық полиция басқармасының ППБ командирі Н.Қожбанов.