© МО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Маңғыстау спортшылары Өскеменде полиатлоннан жабық кешенде өткен ел чемпионатында алты жүлде еншіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлестеріміз полиатлоннан өткен біріншілікте төрт сайыстан (ату, спринт жүгіру, жүзу, шыдамдылыққа жүгіру) сынға түскен болатын. Оның ішінде олимпиадалық емес түрінен әйелдер арасында абсолютті жас шамасы бойынша сында Алина Шабарова топ жарса, 21-23 жастағылар арасында Алина Придачкина үздік атанды.
Сондай-ақ, ерлер арасында полиатлонның олимпиадалық емес түрінен 18-20 жастағылар сынында Ян Коновалов ел чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Бұдан бөлек, 16-17 жастағылар санатында Даниз Асланова мен Нұрбек Жарасбай қола жүлдеге қол жеткізді.
14-15 жастағы жасөспірім қыздар бәсекесінде Ангелина Кузьмечева Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанып, облыс құрамасының қоржынына үшінші алтынды салды.
Шығыс Қазақстанда 6-11 наурыз күндері өткен ел чемпионатына 12 команда қатысып, 190 спортшы турнир жүлдесін сарапқа салды.