Маңғыстау облысының прокуратурасы құны 145 млн теңгеден асатын «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мүліктік кешен ретінде Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін иеліктен шығаруға тыйым салатын қаулысының талаптарына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС сенімгерлік басқаруға заңсыз берілген.
- Қазіргі таңда облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жарамсыз деп танылды, кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы биыл облыс прокуратурасы мемлекетке 7 млрд. теңгеден асатын соманың мүлкін қайтарған.