Маңғыстау облысының әкімдігінде облыстық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекованың мәліметінше 2023 жылы бюджет кірісінің жалпы көлемі 366 млрд теңгені құрайды, оның ішінде барлық шығыстардың 70% - әлеуметтік салаға бағытталған. Оның ішінде республикалық бюджет 176,6 млрд теңгені, жергілікті бюджет 183,8 млрд теңгені құрады. Осы нақтылаумен облыс бюджетінің көлемі 445 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат Мемлекет басшысы мен Үкімет тапсырмаларының орындалуын қаржыландыруға, "Аманат" партиясының сайлауалды бағдарламасымен және өңірді дамытудың кешенді жоспарымен бекітілген іс-шараларды және шұғыл шешуді талап ететін шығыстарды, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін жобаларды уақытында іске асыруға бағытталған.
Нұрлан Ноғаев бюджет шығыстарының басым бағыттары халықты ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етіп, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатынын атап өтті.
- Халықпен есептік кездесулер өткізгеннен кейін біз ауылдар мен қалалардың тұрғындарын алаңдататын өзекті мәселелерді шешу жоспарын әзірледік. Осыған байланысты кейбір жобаларға түзетулер енгізуді талап етеді. Әрине, кешенді шаралар қабылдау үшін көбірек қаражат қажет екенін мойындау керек, бірақ біз қолда бар қаражатқа сүйенуіміз керек. Сонымен қатар, сіздерге мердігер компаниялардың жұмысын қатаң бақылауға алу керектігін айтамын. Өйткені құрылыс жұмыстарының сапасы мен бюджет қаражатын тиімді жұмсау осы мердігер мекемелерге байланысты. Жобаға тапсырыс беруші органдар, компаниялар мен мердігерлер мекемелер тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобаларды іске асыруға жеке жауапты болады. Өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарағандарға тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.