1 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаевты арнайы қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Өңірге жұмыс сапарымен келген депутаттар "Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысандарының құрылысымен де танысады.