Қазанның бірі – халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған ақсақалдармен кездесті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Кездесу барысында қариялар «Салауатты сана» жобасы аясында нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Олар ел игілігі үшін атқарылуы тиіс шараларды атап өтіп, болашақ ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, баталарын берді.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, қариялардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Алдағы уақытта жаңа жобалардың ел ағаларының қолдауымен жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
– Қарияларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз, олар қоғамның рухани тірегі. Сіздердің ел игілігіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңізді бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Алдағы кезеңде ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және энергетика салаларында ірі жобалар қолға алынып жатыр. Бұл жобаларды іске асыруда сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз әрдайым қажет. Бұл жұмыстар өңірдің тұрақты дамуына негіз болып, сіздердің қолдауларыңызбен табысты жүзеге асырылатынына сенімдімін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Жиын барысында өңір ақсақалдарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімі қоғамның дамуына сүбелі үлес қосқан мерейтой иелеріне арнайы марапаттар табыстады.