Шілденің 9-10 күндері «Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру» бағыты бойынша «Қолжетімді құқықтық көмек» жобасы аясында Шетпе, Бейне аудандарында және Жаңаөзен қаласында облыс көлемінде азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындарға ақпараттық кеңес берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жобаны Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Риза-ана» қоғамдық қорының ұйымдастырды.
Жоба аясында өңір тұрғындары және әлеуметтік осал топтағы азаматтаорға республикалық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып қаржылық сауаттылық туралы кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көп балалы аналар, шектеулі және әлеуметтік осал топтағы жандар, NEET санатындағы жастар, есту қабілеті төмен және зағип жандар т.б. жатады.
Осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Маңғыстау облысына сарапшы-спикер ретінде шақырылды.
Бағдарламаға сәйкес сарапшы маман несие және оны қалай жабу қажет? Қара несие тарихы дегеніміз не? Отбасы бюджетін жоспарлау, қаржылық қор, қаржылық жоспар құру сияқты тақырыптарға кеңінен тоқталды.
Бұл жоба өте өзекті, өйткені бүгінде қазақстандықтардың 90 пайызы несиеге кірген және әрбір азамат қаржылық жоспар құрып, отбасы бюджетін жоспарласа, отбасы шайқалмай берік болары анық.