Маңғыстау ауданы Қызан ауылында жаңа әкімшіліктің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Маңғыстау ауданы әкімі Ғалымжан Ниязов пен ауыл ақсақалдары қатысты.
- Жаңа ғимарат ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін оң шешімдер қабылданатын орта болады деп сенеміз. Әрдайым халық пен билік байланысын бекітетін ашық алаңға айналарына үміттіміз . Өйткені, қазір біз ашық, әділ әрі есеп беретін үкіметті жасақтап жатырмыз. Жаңа әкімшілік ғимараттың халыққа пайдасы зор болғай! - деді Тілеген Әбішев.
Әкімшілік ғимараты 4 айдың ішінде салынған. Құрылысқа 117 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жалпы аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Бұл жерде 30-ға жуық маман жұмыс жасайтын болады. Айта кетейік, ескі әкімшілік ғимаратына 50 жыл толған еді.