QR-код барлық қоғамдық орындар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарында орналастырылған. QR-код бойынша облыс тұрғындары құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат, кеңестер, қадамдық алгоритм ала алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол үшін смартфондағы камераны QR- кодқа бағыттап, өзіңізге керек бөлімдi таңдайсыз.
Мысалы, "Балаларды қорғау" бөлiмiнде ата-аналар мен балаларға арналған қажетті ақпараттар бар.
Сол бөлiмде тiкелей сiлтемелер арқылы құқық қорғау ұйымдарының ресми сайттарына өтуге болады.
QR-код жобасында алаяқтыққа қарсы,үлескерлерге қатысты қауіпсіз баспана тақырыбында аппараттық жадынамалар бекiтiлген.
Сонымен қатар QR-профилактика платформасында Маңғыстау облысы прокуратура органдарының сенiм телефондары, бизнесті қорғау мобилдік топтын нөмерi, инстаграм парақшасы көрсетiлген.