© Zakon.kz
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамға жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Елімізде қала тұрғындарының саны 12 431 220 адам болса, ауыл тұрғындары 7 583 355 адамды құрап отыр.
Қазақстан аумағында 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өскені белгілі болды.
Ал халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82 пайыз шамасында. Сондай-ақ Маңғыстау облысында 2,40 пайыз нәтижесі тіркелді.