Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесіне орай елордада Маңғыстау облысының мәслихаттары мен Астана қалалық мәслихаты тәжірибе алмасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуге Астана қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов пен депутаттар, аппарат қызметкерлері, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты.
Қос тарап өңірдегі мәлихаттардың жәй-күйіне, жаңашыл бастамаларға және Қазақстан мәслихаттарының 30 жыл толуына орай жасақталған іс-шара жоспарлары мен дайындық барысында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады.
Сондай-ақ, депутаттық корпустың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибесімен бөліскен мәслихат депутаттары тәжірибе алмасудың және осындай форматтағы диалог алаңының маңыздылығын жеткізді.
Басқосуда халық қалаулылары тәжірибе алмасып, ортақ мақсатқа жұмылып, жемісті еңбек ету басты міндеттері екендігін атап өтті. Сонымен бірге, әріптестік байланыстарын нығайтатындықтарын айтып, естелік сыйлықтарын табыстады.