Бүгінде МАЭК кәсіпорнының 81 пайызы тозған. МАЭК-тің жаңғыртуды қажет ететіні көптен бері айтылып жүр. Биыл жұмыстар басталып, жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2 қазандық пен турбинаны жаңартудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Жабдық ескі, жаңартуды және ауыстыруды талап етеді. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, 1-ЖЭО-ның № 7 қазандығын, 2-ЖЭО-ның №10 қазандығын және №7 турбинасын жаңғырту жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, - деді «МАЭК» ЖШС жөндеу жөніндегі директордың орынбасары Алексей Смоленский.
Айтпақшы, үкімет МАЭК қызметін қолдауға мемлекеттік резервтен 5 млрд теңге бөлді. Бұл сома «ҚазгазАймақ» АҚ алдындағы қарызды өтеуге жұмсалады. Ал «МАЭК» өз қаражатын жабдықтарды жөндеуге жұмсайды.