Жақында өткен үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «МАЭК» ЖШС-нің жылу беру маусымына дайындығы қосымша назарда болатынын атап өтті. МАЭК өкілдері атап өткендей, қазіргі уақытта жоспарланған іс-шаралар кестеге сәйкес жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«МАЭК» ЖШС жөндеу жұмыстары департаменті директорының орынбасары Алексей Смоленскийдің айтуынша, бүгінде жылу қондырғылары мен жылу желілерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, кәсіпорынның негізгі жабдықтарын жөндеуге қатысты барлық іс-шаралар кешені жүргізілуде.
– Қазіргі таңда 1-ЖЭО-ның N4 қазандығы күрделі жөндеуден өтуде, 1-ЖЭО-ның N4 турбоагрегаты күрделі жөндеуден өтіп, ЖЭО-2-нің N11 қазандығы жөнделіп жатыр. Жақын арада біз N8 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айынан бастап жылу электр орталығының N3 энергоблогында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстардың аяқталуы қысқа дайындық актісін алуға және тұтынушылардың жылу құрылғыларын кейіннен жылу желісіне қосу арқылы қысымды тексеруді жедел бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алексей Смоленский.
Премьер-Министр ерекше атап өткен ЖЭО-1 №4 турбинасын жөндеу жұмыстары 31 тамызда аяқталады деп жоспарлануда. Бірақ ЖЭО-2-нің №8 турбинасы бойынша конкурстық процедуралар әлі де жалғасып жатыр.
– ЖЭО-2-ге келсек, қазір мердігерді анықтау бойынша конкурстық процедуралар жүріп жатыр. Осы себепті N8 турбина жөндеуге шығарылмаған. Жылыту маусымына дайындықты бұзбау үшін қажетті көлемде барлығын жасап үлгереміз деп ойлаймын. Біз кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Турбиналарды жөндеу мерзімі реттелсе де, бұл жылыту маусымына тікелей әсер етпейді. Біз барлық жылу жүктемелерін көтере аламыз», - деді Алексей Смоленский.
Энергия станциясының хабарлауынша, оның нормасы 95,5 Гкал/сағ. Бұл қыстағы жылу энергиясына кепілдік береді. Артық көлемдер жағдайында, мысалы, температура төмендегенде, жаңа шағынаудандарда орнатылған блоктық-модульдік қазандықтар іске қосылады.