Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Мамандар жол белгілерін жаңарту, жол жиектерін әктеу және сыпыру, жаяу жүргіншілер жолағы мен жол таңбаларын сызу жұмыстарын істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 120 жұмысшы жұмылдырылды. Мердігер мекеме «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС мәліметіне сәйкес, бір айда шамамен 21 жаңа жол белгісі орнатылып, 43 жол белгісі жаңартылады. Мамандар барлық жол белгілерін жуып сырлайды.
-Қаладағы автомобиль жолдарында шұңқырлы жөндеу, жол белгілерін жаңарту, жол жиектерін әктеу және сыпыру, жаяу жүргіншілер жолағы мен жол таңбаларын сызу, әлеуметтік аялдамаларды сырлау және тазалау, суағарларды жөндеу және тазалау жұмыстары жатады. Жыл басынан бері қаладағы автомобиль жолдарына 30 000 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы мен жол таңбалары сызылды. Мердігер компания қызметкерлері белгіленген жоспарға сәйкес жұмыстарды жалғастыруда, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Исматулла Адай.