
Бұл туралы энергетика кешенінде облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өндірістік нысандарына пресс-тур барысында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Энергетикалық кешен мамандары айтқандай, жұмыс реті кестедегі жоспардан артта қалмады, қазір жылу көздерін дайындау, негізгі және қосалқы жабдықтарды қайта қарау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөз турын облыстың табиғи монополияларды реттеу департаменті ұйымдастырды.
-«МАЭК» ЖШС-нің үш электр станциясының бірі – ЖЭО-2, ол қазір тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты қызыл аймақта орналасқан. Сондықтан біз екінші станцияға көбірек көңіл бөлеміз. Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізілуде. Біздің міндетіміз – бүкіл энергетикалық кешенді қалыпты жылыту маусымына дайындау. Жылу көздері мен жылумен байланысты жабдықтарды дайындауға келсек, біз кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз, артта қалу жоқ, – дейді «МАЭК» ЖШС пайдалану және жөндеу департаменті директорының орынбасары Алексей Смоленский.
Айта кетейік, пресс-турды жыл сайын облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті ұйымдастырып келеді. Мақсаты – бекітілген инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорынды жөндеу жұмыстарының барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету.