«МАЭК» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдегендей, 10 шілдеде сағат 22.00-ден 11 шілде 08.00-ге дейін ОСЖТ-3-тен қаланың жоғарғы және төменгі аймақтарына ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шектеудің себебі «МАЭК» ЖШС-нің ОСЖТ-2,3 магистральдық құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
-ОСЖТ4-тен ауыз су беру әдеттегідей штаттық режимде жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп атап өтті МАЭК баспасөз қызметі.