Бас прокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне ("кісі өлтіру") ауыстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған болатын.
Соның салдарынан 39 жастағы азамат сал болып қалды. Науқас 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қайтыс болды.
Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Алайда кінәліні таба алмай, іс тоқтап қалды.