Бүгін, 3 наурыз күні болған «МАЭК» тарифіне қатысты қоғамдық тыңдауда ҚР Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Салтанат Бралина осы салаға жауапты тұлғаларға бірнеше сауал қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Өңірдегі коммуналдық сала мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп жүрген заңгер бұл жолғы сауалдарында модернизация үшін тариф көтеріле ме, жоқ па, соны нақтылады.
-МАЭК-ке модернизациялау үшін қаржы қайдан алынады? Модернизацияның толық құны қанша? Дебиторлық қарыздар тарифке әсер ете ме? «Қазір Ақтауда реактор істен шығарылмаған, ал реакторды салқындату үшін қалада су өшірілген» деген хабарламалар тарауда. Бұл ақпаратқа нақты жоқ, ия деген жауап керек, - деді Салтанат Бралина.
Жауаптылардың айтуынша, МАЭК модернизациясына 127 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 28 млрд. дистиляторлық-тұшыту қондырғысына. Модернизациялау үшін тариф көтерілмейді. Алайда, қаржыландыру бойынша шешімдер әлі де талқылануда. Дебиторлық қарыздар 11 млрд-қа жеткен. Оның ішінде - 2 млрд. теңге «АльянсЭнергоСнаб»-қа тиесілі.