«Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның хабарлауынша, 12а шағын аудандағы жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беруге шектеу қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тізімде 27 шағын аудандағы 34 тұрғын үй (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,13,14,15,16,17,18,19,2,57, 64 ,65,66,67,71,72,73,74,75,76,85,87,91,92) және 26-шағын аудандағы 15 үй (18,19,20,21,22,23,24, 26,27 ,28,29,31,32,35,36), сондай-ақ әлеуметтік нысандар – кәріз сорғы станциясы-13, №16 орта мектеп, No44 және 42 балабақшалар, Есенов университетінің жатақханасы, “Достық” сауда орталығы және «Мечта», орталық мешіт бар.