Қазір компаниялармен электр энергетикасына байланысты жобалар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сәбит Желкушинов ауыз суға байланысты мәселеге кеңінен тоқталып өтті.
"Біз әкімдікпен және ТКШ басқармасымен бірге №2 орталық сумен жабдықтаудың торабында тәулігіне 6 мың текше метр суға осмостық қондырғы орнатамыз. Мамыр айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, өйткені біздің қондырғыларымызда теңіз суының температурасының жоғарылауына байланысты өнімділік төмендеуі мүмкін", - деді «МАЭК» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорының өндіріс және БН-350 реакторлық қондырғысы жөніндегі бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.