Ақтауда магистралдық құбырларға жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жылу беру маусымына дейін ыстық су беру тоқтатылады. Магистральдық құбырдың жалпы ұзындығы - 44 шақырым, оның 7,9 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу – қыс мезгілінде жылуды үздіксіз беруге мүмкіндік береді. Ақау шығатын жерлер таңдап алынды", - деді "МАЭК" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.
Оның айтуынша, құбырлардың тозуы 79 пайызға жетіп отыр.